халықаралық тағылымдама
«Қонақ үй бизнесі, ресторандар, тамақтандыру сферасы» бағытымен заманауи өндірістік технологияларды, WS стандарттарын ендіру бойынша білім беру үрдістерін ұйымдастыруда еуропа елдерінің тәжірибесі» тақырыбымен біліктілікті көтеру курсының бағыттарымен халықаралық тағылымдама
- Бағдарлама мақсаты «Қонақ үй бизнесі, ресторандар, тамақтандыру сферасы» бағыты бойынша заманауи технологияларды қолданумен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін инновациялық білімді, тәжірибелік дағдыны және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру және дамыту.
- Тағылымдама 22.10.2023ж – 27.10.2023ж аралығында «Bildungswerk der Sächsischen Wirtschaft gGmbH» (bsw) оқу орталығында өтті, Дрезден қаласы, Саксония, Германия Федеративтік Республикасы.
- «Bildungswerk der Sächsischen Wirtschaft gGmbH» (bsw) оқу орталығының мақсаты – еңбек нарығына интеграциялау мүмкіндігін көтеру үшін кәсіптік дайындау; компания, кәсіпкерлер, менеджерлер, білікті жұмысшылар, жастар және жұмыс іздеушілер үшін оқыту және ары қарай білім беру.
- Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері 22.10.-11.11.2023 ж. аралығында халықаралық тағылымдамадан өтті.
- Германия қонақжайлық саласы, ресторан бизнесі, кейтеринг және менеджмент 22.10.-27.10.2023 ж.
- Bsw- (Bildungswerk der Sachsischen Wirschaft) ұсыну және кәсіптік білім беру саласындағы жұмыс. Bsw – Саксония жері бойынша білім беру орталығы жұмысымен бас директор орынбасары Ольга Вухрер халықаралық жобалар жетекшісі Михаил Сухоносов таныстырды.
- Саксония отель және ресторандар Ассоциациямының DEHOGA бас директоры Аксель Кляйн қонақжайлық саласында адам және кадрлар ресурстарының трендтерімен таныстық.
- Саксония білім беру және мәдениет министрлігі кәсіби техникалық мектептер колледждер спикері Биргит Вурл Германиядағы қызмет көрсету саласындағы кәсіптік білім беру біліктілігі мен құрылымының неміс аумағын түсіндірді.
- Білім алу Speisewerk мейрамхана-кәсіпорнында ұйымдастырылды. Мейрамхана иесі Штефан Хентшель аспаздық саласындағы ЕС (Еуропа одақтастығы) санитарлық нормаларымен және ережелерімен таныстырды. Ресторанда өндірістік ұйымдастырумен, тексеруші мекемелер талаптарымен таныстық.
- Дрезден қаласының ескі аумағында кәсіптік тәжірибе өтетін кәсіпорындарға шолу жүргізілді. Ең алғаш сүт өнімдерін пастеризация үрдісі жүргізілген Dresdner Molkerei Gebruder Pfund GmbH сүт дүкенін көрдік.
- Оқытудың негізгі сәттері: бизнес және жұмыс үрдістері, аумақтық өнімдер және тұрақты даму. Bilderberg Bellevue Hotel Dresden қонақ үйдің бас дирекоры Себастьян Клинк таныстырды. Бас директормен қатар маркетинг және HR бөлімінің жетекшісі Синди Кноблаух өз жұмыстарын баяндады.
- Дрезден техникалық Университеті бойынша орыс тілі және халықаралық қатынастар, жоғарғы білім берудің дуалды бағдарлама бойынша бағыттарымен профессор доцент Верена Барт таныстырды. Неміс студенттерімен бірге тәжірибелік сабақтар жүргізілді.
- BSW білім беру орталығының Werdau филиалында өтті. Бізбен бірге Андре Вальтер –тәлімгер –аспаз, Катлин Вальденбургер – лектор неміс аспаздық техникасы мен стандартымен таныстырды. Біз бірге асқабақтан пюре көже, сары май жане лосостен врап, желкек, шалғам және бақтақпен (форель) пулепер никель, бутербродтар; бұғы етінен гуляш лимон-сәбіздек пирог картоптан клецки дайындадық.
- Тағылымдама 28.10.2023ж – 11.11.2023ж аралығында Экономика және менеджмент қолданбалы ғылымдардың Швейцария мектебінде өтті, Вале кантоны, Сион қаласы, Швейцария Конфедерациясы.
- Экономика және менеджмент қолданбалы ғылымдардың Швейцария мектебі жетістікті жеке тұлғаны іздеуде білім алушыларға алға жылжуына көмектесетін бай оқу ортасын ұсынады. 2017 жылы құрылған; Swiss-SASEM штаб-пәтері Лозанна қаласында, сонымен қатар швейцариялық кампустармен Лозанна мен Сьерра қаласында, халықаралық кампустармен Қазақстанда, Франция мен Португалияда орналасқан
- Тағылымдама Ibis отелінде, «Real bar» негізін қалаушы Ромеу Мартинс өз жобасын таныстырудан басталды. Швейцария ресторандары мен отельдеріндегі коктейль дайындау әдістерін, миксология, коктейль құру негіздерін көрсетті, дегустациямен жалғасып, арнайы өнімдерімен таныстырды.
- Колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері тағылымдаманы шоколад және ірімшік зауытында жалғастырды.
- Швецариялық Nestle компаниясының құрамындағы Maison Caillet шоколад фабрикасының тарихымен,өндіріспен таныстырды. Әрқайсымыз шебер сыныпқа қатысумен өз шоколадын дайындады. Шоколадты темпирлеу әдісін толық көрсетіп,құпиясын ашты.
- Тағылымдама Трюйер- ірімшік зауытының Фондю академиясында жалғасты. Ірімшік түрлерімен танысып, дегустация жасадық.
- Швейцария ұлттық тағамы ірімшіктен Фондю дайындауды, ұсынуды шеберлік сыныбымен ұйымдастырылды.
- Тағылымдама «Zeńhäusern» Нан және кондитер фабрикасында жалғасты. «Zeńhäusern» бүкіл кантонды нан, нан-тоқаш және кондитер өнімдерімен жабдықтайды. Бұдан бөлек шоколад өнімдерін шығарады. Зен-Хаузерн зауытының қожайыны шикізатты өңдеу , бүкіл технологиялық үрдіс, тарату, сақтау үдерістерімен таныстырды. Зауыттағы өнімдер ассортиментін, технологиялық жабдықтарды, өнімдерді орау, маркалау үдерістерін көрсетті.
- 2023 жылы 21 қарашада колледжде Алматы қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі
- «Қонақ үй бизнесі, мейрамханалар, қоғамдық тамақтану» бағыты бойынша заманауи өндірістік технологияларды, WorldSkills стандарттарын енгізу бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы Еуропа елдерінің тәжірибесі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасына сәйкес халықаралық тәжірибе алмасудан, яғни тағлымдамадан өту бойынша «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің есеп беру семинары өтті.
- Семинар барысында тағлымдамадан өткен педагогтар сапар барысындағы тәжірибелерімен, қызықты ақпарпттарымен бөлісіп, тағлымдама бойынша ұсыныстарын білдіріп, әріптестердің түрлі сұрақтарына жауап берді.
- 2023 жылы 22 желтоқсанында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Қонақ үй бизнесі, ресторандар, тамақтандыру сферасы, менеджмент» бағытымен заманауи өндірістік технологияларды, WS стандарттарын ендіру бойынша білім беру үрдістерін ұйымдастыруда еуропа елдерінің тәжірибесі» тақырыбымен біліктілікті арттыру курсының бағыттарымен халықаралық тағылымдама бойынша қалалық есеп беру семинары өтті.
- Семинардың мақсаты халықаралық тағылымдама қорытындысы бойынша оқу-өндірістік үрдістерді ұйымдастыру бойынша тәжірибемен бөлісу.
- Семинарды ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Білім басқармасы, қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі.
- Семинарға Алматы қ. ТжКББ ұйымдарының әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
- Семинарда «Кәсіптік білім беру жүйесі: еуропа елдерінің тәжірибесі», «Тәжірибеге бағытталған оқыту – еуропа елдеріндегі кәсіптік білім берудің заманауи моделі», «Тамақтандыру саласы үшін мамандар дайындау тәжірибесі» тақырыптары бойынша ақпараттар беріліп, мәселелер талқыланды. Семинар соңында өзекті мәселелер тақырыбымен тәжірибелік интерактив ұйымдастырылды.