«Тарих – өткенге сабақ, келешекке өнеге»

«Әлеуметтік пәндер» бірлестігінің «Тарих – өткенге сабақ, келешекке өнеге» атты апталығы аясында, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының ғылыми қызметкері Айбек Ережеп мырзамен «Ахмет – ұлт ұстазы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  

Мақсаты:

  1. Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру.
  2. Ақын өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу.
  3. Қазақтың халық педагогикасын жан – жақты зерттеген, қазақ этнопедагогикасының негізін қалаған  қазақ халқының рухани көсемі, ұлттың ұстазы  Ахмет Байтұрсынов туралы студенттердің білімдерін толықтыру.

     Кездесу барысында Айбек мырза студенттерге А.Байтұрсынұлы өмірі, қызмет жолы, отбасылық өмірі және шығармашылығы жөнінде әңгімелеп, сонымен қатар 150 жылдық мерейтойы барысында атқарылып жатқан шараларға да тоқталып өтті.