Жасыл аула

️Еліміздің оңтүстік астанасында колледж директорларының қатысуымен ерекше акция өтті.
Идея авторы, Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі басшысы Ғ.І. Сманов әріптестері – қалалық ТжКБ ұйымдарының директорларымен бірге аллеяға ағаш көшеттерін отырғызып, өздері еккен талдарына білім ордаларының атауларын берді. Осылайша, жұдырықтай жұмылып жасалған керемет акция Алматының көркеюіне септігін тигізеді.

Бұл игі іс өз жалғасын тауып, еліміздің басқа өңірлеріне тарап, челленджге айналады деген үміттеміз.