«XXI Бухгалтер: Мамандығым -мақтанышым» атты қалалық байқауы
2025 жылғы 28 наурызда Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Жұмысшы мамандығы» жылы аясында Алматы мен Талдықорған қалаларының түрлі оқу орындарынан 13 командасы қатысқан «XXI Бухгалтер: Мамандығым -мақтанышым» атты қалалық байқауы өтті. Байқауды «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі және «Есеп және қаржы» пәндік-циклдік комиссиясы ұйымдастырды.
Қатысушылар 1С бухгалтерия бойынша практикалық тапсырмаларды және басқа да қызықты тапсырмаларды шешуде сайысқа түсті, бұл оларға өздерінің креативтілігі мен кәсібилігін көрсетуге мүмкіндік берді. Байқау инновация мен креативтілікті, болашақ бухгалтерлердің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту үшін тамаша дәстүрге айналды.
Беделді қазылар алқасы қатысушылардың практикалық тапсырмаларды орындау сапасы мен теориялық дайындық деңгейі бойынша бағалап, байқау әділ және объективті өтті. Қазылар алқасының құрамында: Проскурина Валентина Павловна - ЖШС «ПрофиТренинг» әдіскері, бухгалтерлік есеп жөніндегі кітаптардың авторы, Әбілдаева Толқын Жексенғазықызы - Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің жетекші сарапшысы, Романюк Людмила Витальевна - ЖШС «1С: Франчайзинг Ваниев Алматы» енгізу бөлімінің бастығы, ҚР кәсіби бухгалтері, Серая Надежда Викторовна - Алматы технологиялық колледжінің директорының оқу әдістемелік ісі жөніндегі директорының орынбасары, Шайнусипова Айдана Ербуланқызы - ЖШС «НариМакс секьюрити» бухгалтері.
Байқаудың жеңімпазы, Гран-при иегері болып Туран университеті колледжінің «Туран-Альфа- Аудит» командасы танылды.
1 орын Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің «Финансовые феи» командасы
2 орын «1Сенсей» Әділет колледжі командасы
3 орын «A-Champ» командасы Нархоз колледжі ие болды.
Барлық қатысушыларды байқаудың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз және оқуда, кәсіби қызметте табыс тілейміз!