«Starter pack бизнесменов»

2022 жылдың 12 желтоқсанында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Starter pack бизнесменов» іскерлік экономикалық ойыны бухгалтерлік есеп және технология, менеджмент және маркетинг бөлімінің 3 курс білім алушылар арасында өтті.

Іскерлік ойынды ұйымдастыруға және өткізуге жауаптылар:

«Бухгалтерлік есеп және қаржы» ПЦК арнайы пән оқытушылары Ковалева Н.А., Муратова Р.Н., Жумагалиева К.Ж.

«Бухгалтерлік есеп және қаржы» мамандығы бойынша ПЦК апталығы аясында «Starter pack бизнесменов» іскерлік экономикалық ойыны ұйымдастырылды.

«Starter pack бизнесменов» іскерлік экономикалық ойынының мақсаты

білім алушылардың кәсіпкерлік белсенділігі, шығармашылықпен айналысатын жастарын анықтау, білім алушылардың  бизнес-жоспарларын құру және қорғауда ерекше құзыреттіліктерін, интеллектуалдық, коммуникативтік қабілеттерін дамыту және қалыптастыру.

Экономикалық ойынға қатысушылар:3 есеп А, В, С, Д, 3 мен А, В, С, 3 марк А, В топтары.

Экономикалық ойынды қазылар алқасының мүшелері бағаланды.

Қазылар алқасының төрағасы: директордың оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары – Нұрқасова Ж.А.,

Тамақтандыру индустриясы бөлімінің меңгерушісі – Дурумова Л.А.

Колледж әдіскері – Садықов У.Е.

Арнайы пән оқытушысы – Калыкова М.Н.

 Жалпы іскерлік ойынға 21 жоба ұсынылды.

«Starter pack бизнесменов» іскерлік экономикалық ойынының қорытындысы бойынша: Бас жүлде – «Биогумус тыңайтқыш өндеу» жобасы , 3 мен В тобы Оразбай Оңалбай, Жанболатов Ақжан, Айдаболов Бекарыс, жетекшісі Муратова Р.Н.

1 орын – «stay home» жобасы, 3 марк тобы Ернарұлы Дархан, жетекшісі Таубалдиева У.С.

2 орын – «Красный полумесяц Казахстана» жобасы, 3 есеп Д тобы Автова Сабина, Мубаракова Зарина, Байкасымова Аида, жетекшісі Ковалева Н.А.

2 орын – «Qazaq fanfic» кітаптары жобасы, 3 мен А тобы Қадыр Аяжан, жетекшісі Чайнусипова Д.Е.

3 орын – «Қазақ кэмпинг» жобасы, 3 есеп Б тобы Дроздова Арина, Болат Нұрасыл жетекшісі Туриспаев Е.М.

3 орын – «7Я» әлеуметтік жобасы, 3 мен Б тобы Уланова Маргарита, Болтабек Жансая, жетекшісі Ковалева Н.А.

3 орын – «Шырақ» текемет жасау, 3 мен А тобы Әбдіхалық Мақпал, жетекшісі Муратова Р.Н.

Ойынның қалған қатысушылары номинациялармен марапатталды:

«Үздік бизнес-жоспарды қорғау», «Үздік бизнес-жоба», «Бизнес-жоспар әзірлеуге шығармашылық көзқарасы үшін», «Кәсіби шеберлігі үшін», «Бизнес-жоспарды қорғаудың креативті шешімі үшін», «Үздік бизнес-идея», дипломдар. ойынға қатысу

Іс-шара нәтижелі болып, алға қойған мақсатына жетті.