жаңалықтар

2021 жылдың 04 наурызында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша  оқитын 3 курс студенттері, Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің түлегі, профессор К. А. Китебаеваның құрметіне арналған,  ҚР техникалық және кәсіптік білім беру   жүйесінің  студенттерінің арасында  өткізілген «IT – БУХГАЛТЕР – 2021» қашықтық байқауына қатысты. Байқауды ұйымдастырушылыр «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжі» және КММ «Қостанай облысының Жастар ресурстық орталығы» Байқауға мемлекеттік және орыс тілдерінде 14 команда, оның ішінде біздің колледжден 3 команда қатысты: 

«Бухгалтерская поэзия», 3 Есеп Е тобының студенттері:

Мәдіхан Аманай

Оңласынова Әсемай

Сейдахметова Дамира

Кудас Лаура

Жетекшісі: Кумарханова Н.

«CLEVER»,  3 Есеп В тобының студенттері:

Құрманғали Дулат

Серікова Айым

Сұлтан Айман

Дәулетбай Назерке

Жетекшісі: Батыр А.

«Sirius», 3 Есеп А тобының студенттері:

Алинур Айғаным

Мұхтарбек Жанель

Сырбай Аружан

Төлеубекова Асылжан

Жетекшісі: Серікқұлова А.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрады:

1 кезең –Google классрум бағдарламасындағы «Бухгалтерлік есеп негіздері» және «Қаржылық есеп» 

пәндері бойынша тест сұрақтары

2 кезең – Google classrum бағдарламасында бухгалтерлік балансты құру

3 кезең – 1С бухгалтерия бағдарламасындағы тапсырмалар

 

4 кезең – шығармашылық байқау (үй тапсырмасы)

Байқаудың барлық кезеңдерінің нәтижелері бойынша 3 Есеп А тобының (Sirius) командасы 495 ұпай жинап, 1 орынды иеленді

Біздің жеңімпаздарымызды және жетекшіміз Серікқұлова А. құттықтаймыз! Барлық қатысушылар мен топ жетекшілеріне үлкен алғысымызды білдіреміз!

Конкурс ұйымдастырушылары:

Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледж ұжымы