«ALTYN URPAQ»

Қараша айының 25-і күні Алматы полиграфия колледжі «ALTYN URPAQ» пікір-сайыс клубы «Ұлылықтың бастамасы» атты колледж аралық турнир өткізді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған турнир өте тартысқа толы болды. 18 команда қатысқан дебат турнирінде  Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенттері Рашидқызы Талшын мен Қадыр Аяжан АПФ форматы бойынша 1️⃣-ші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар ЛД форматы бойынша Қадыр Аяжан 1️⃣-ші орынды қанжығасына байлады.
Жеңістеріңізбен құттықтаймыз! 🎉🎉