17 тамыз ел аумағында «Nur Otan» партиясының праймеризі басталды.

Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелестік күрес негізінде жаңа көшбасшыларды анықтау.
2. 7 қыркүйектен бастап праймеризді агитациялау басталды. Осыған орай, Алматы мемлекеттік бизнес колледжіне “Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалы бойынша Праймеризге үміткерлер келді. Алмалы ауданы әкімі Торғаев Беккали Нургалиұлы, Алматы қалалық “Жас Отан” Жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов және Қазақстан Республикасының волонтер лигасының төрайымы Ерниязова Айсулу өздерінің сайлауалды үгіт насихат бағдарламасымен таныстырды.