Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде 28.10.2022 ж. күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» ЦӘК апталығы аясында өткізілген кәсіби қалалық «Күз сыйы» атты студенттер арасындағы «Карвинг көрме» сайысы өтті. Көрме – сайысының мақсаты: көкөністер мен жеміс-жидектерді алғашқы өңдеуден өткізу, кесу түрлерін жетік меңгеру, тәжірбие алмасы.
«Карвинг көрме» сайысына қатысып 2 орынға ие болған Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің 3 курс студенттері:
- Сәтбек Қыдырәлі
- Төлеген Жалғас
- Куксин Николай
«Карвинг көрме» сайысына студенттерді дайындаған оқу өндірістік шебері Арғынбаева Ақбота Ғалымжанқызы алғыс хатпен марапатталды.




