Онлайн семинар

2022 ж. 16 наурызында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде, оқу – әдістемелік бірлестігінің бейіндік колледждері үшін «Экономикалық мамандықтар бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу ерекшеліктері: «Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжі» (Нұр-Сұлтан қ.) мен «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің» қолданбалы бакалавриатты  енгізу тәжірибесінен»тақырыбында онлайн семинар өтті.

Семинар жұмысына республикамыздың әр аймақтарынан 30-ға жуық ОӘБ бейінді колледждерінің өкілдері қатысты.

«Маркетинг», «Менеджмент», «Есеп және аудит» мамандықтары бойынша қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламаларының авторлары «Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжі» (Нұр-Сұлтан қ.) мен «Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің» оқытушылары Сүйіндікова Салтанат Отызбайқызы, Бекетова Анар Сайлауқызы, Құсымбаева Әсел Жабайқызы  семинар барысында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында колледж өкілдері  республикамызда қолданбалы бакалавриатты енгізудің проблемалық мәселелерін талқылап, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша тәжірибелерімен алмасты.

 

Оқытушылардың онлайн семинарының қатысушылары АМБК Алдунгарова Г.Е. Ковалева Н.А., Днимова Ж.Ш., Таубалдиева У.С., методист Хусаинова Г.Е

Конференция модераторы директордың орынбасары ОӘБ Нуркасова Ж.А.