«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» арналған көрме өтті

Алматы мемлекеттік бизнес колледжі кітапханасында 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» арналған көрме өтті. Өткенді ескермей болашақты құру мүмкін емес. Көрменің мақсаты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.