2023 ж. 29 тамызда  жаңа  оқу жылының басталуына арналған ТжКББ ұйымдары директорларының ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар және оқу-әдістемелік бірлестік жөніндегі орынбасарларының «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде өзара іс-қимылды  ұйымдастыру және әдістемелік жұмысты үйлестіру»  тақырыбында қалалық форумы өтті. Іс-шараны Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының  ТжКББ бөлімі ұйымдастырды.

  Форумда Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің   директорының  Оқу әдістемелік бірлестігі бойынша  орынбасары  Нуркасова Ж. «ТжКБ жүйесін трансформациялау жағдайындағы  «Бизнес және басқару» бейіні бойынша оқу әдістемелік бірлестіктің қызметі» тақырыбында баяндама жасап, ОӘБ бейіндік колледждерімен жүргізілген жұмыстың тәжірибесімен бөлісті