Тарих – өткенге сабақ, келешекке өнеге!

«Әлеуметтік пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен 16-23 мамыр аралығында AMБK колледжінде «Тарих – өткенге сабақ, келешекке өнеге!» атты апталығы өтілді.

Мақсаты:

– Студенттердің шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметін жандандыру;

– Студенттердің еліміздің тарихына деген қызығушылығын дамыту;

– Тарих пәніне деген қызығушылықты арттыру;

– Белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеу

– Азаматтыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Апталық барысында  оқытушылар ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті, соның ішінде интеллектуалдық сайыстар, қылмыстық сот тәжірибе сабағы, мұражай және саябақтарға саяхат жасалды, жас мамандарға арналған мастер класс, психологиялық тренинг өткізілді. Апталық барысында білім алушылар  белсенділік танытып,  өте жақсы нәтижелер көрсете білді.