Мақсаттар
1) білім алушыларда өткен және қазіргі туралы негізгі білім көздері туралы, тарихи оқиғаларды қабылдаудың, бейнелеудің және түсіндірудің бір мағыналы еместігі туралы түсінік беру.
2) білім алушыларда тарихи талдау әдістерін пайдалана отырып, өткен оқиғалар мен құбылыстарды қарастыру қабілетін дамыту (фактілерді салыстыру және қорыту, себеп-салдарлық байланыстарды, адамдар қызметінің мақсаттары мен нәтижелерін ашу).
3) өткендегі адамдардың әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін, халықтар арасындағы өзара түсіністікті жеке ұғыну негізінде оқушылардың құндылық бағдарлары мен нанымдарын қалыптастыру.
4) білім алушылардың гуманитарлық мәдениетін дамыту, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу, өз және басқа да халықтардың тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, өз елінің және бүкіл адамзаттың мәдени құндылықтарын сақтауға және көбейтуге ұмтылу.