Құқықтық мәдениет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың негізгі шарты

«Құқықтық мәдениет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың негізгі шарты ретінде» семинар

2022 жылдың 17 наурызында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің базасында оқытушылардың қатысуымен «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы «Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық мәдениет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты азайтудың негізгі шарты ретінде» тақырыбында семинар өтті. Колледж директорының м.а. Г. А. Самаликова алғы сөз сөйледі, одан әрі «Sanaly Urpag» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы К. А. Токушев «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негізі» тақырыбында баяндама жасады, ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар рейтингінде елдердің статистикасын келтірді. Қазақстан-Британ техникалық университетінің қауымдастырылған профессоры А. З. Камалиденова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» мәселелері бойынша әңгіме өткізді. Семинарда қазіргі жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру мен тәрбиелеудің маңызды мәселелері көтерілді.