Технологиялық пәндер

«Технологиялық пәндер» циклының технофесті «Менің мамандығымның әлемі» атты онкүндігі аясында «Шеф- кулинар» тақырыбында 3 курс білім алушыларының арасында кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты:

аспаз ісі бойынша талантты, дарынды және шығармашыл білім алушыларды анықтау және қолдау.

Конкурстың міндеті:

білім алушылардың біліктілік деңгейін мақсатты, үздіксіз арттыруды, олардың қазіргі заманғы, оның ішінде WorldSkills халықаралық стандарттары бойынша технологияларды пайдалануға ынталандыру.

Конкурсқа 3 тех А, 3 тех Б, 3 тех В, 3 тех Г және 3 тех Д  білім алушылары қатысты.

Білім алушылар келесі модульдер бойынша бақ сынасты:

Модуль 1 – «Қазақ ұлтының салатын дайындау, әсемдеу және ұсыну»;

Модуль 2 – «Жаужүрек» – ұлттық тағамын дайындау, заманауи аспаздық өнердегі инновациялық бағытымен безендіру және ұсыну;

Модуль 3 – Шайды дайындау және ұсыну әдістері.

Конкурстың барысын циклдың арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінен құралған әділ қазылар алқасы бағалады.

Конкурстың нәтижесі онкүндіктің жабылыуында жарияланды.

Барлық қатысушыларға алғыс айтып, шығармашылық табыс тілейміз!