«Алматы мемлекеттік бизнес колледжі» МКҚК Алматы қаласы білім басқармасы
«Қонақ үй, мейрамхана бизнесі және маркетинг» біліктілікті арттыру курстарының тиісті бағдарламалары бойынша халықаралық тағылымдамаға жіберу үшін колледждің өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары арасында үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Халықаралық тағылымдамадан өтетін ел: Франция, Германия.
Халықаралық тағылымдама мерзімі – 3 апта.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш
- Үміткердің бағалау парағы
- Үміткердің портфолиосы (сертификаттар, авторлық жұмыстар мен жарияланымдар, дипломдар, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары және т. б.)
- Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 08.08.2024 ж. дейін (жеті жұмыс күні ішінде).
- Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 8 775 141 9494