Түлектерімен кездесуі

Менеджмент және маркетинг онкүндігі аясында Алматы Мемлекеттік Бизнес колледжінде біздің колледжге түсуге мүдделі мектеп оқушылары мен білім алушылар арасында өз тәжірибелерімен бөліскен колледждің менеджмент және маркетинг түлектерімен кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты мектеп оқушылары мен білім алушыларға колледжді бітіргеннен кейін мамандық бойынша қандай биіктерге жетуге болатынын көрсету болды.

Бірінші кезекте білім алушылар өздерінің таланттарын көрсеткен концерттік бағдарлама көрсетілді. Кездесуге шақыртылған АГБК-нің 3 түлегі де еліміздің ірі кәсіпорындарында атап айтқанда: Болатбаева Диана Көмекқызы – «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС құрылыс компаниясы директорының орынбасары, Aluminium of Kazakhstan ЖШС зауытын ілгерілетумен және маркетингпен қатар айналысады; Абылгазиева Айбат-АМБК үздік дипломының иегері, тұрмыстық техниканы жөндеу орталығында аға маркетолог болып; Купан Серкебаева үш жылдан астам digital-маркетингте жұмыс істейді. ШОБ және халықаралық компаниялармен ынтымақтастық жасады. ТМД Skillbox-та SMM бойынша жетекші маман болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта SMM project manager, Sanber Agency- де жұмыс атқаратындарын және өз жетістіктерімен бөлісті, мамандықтың қыр-сырлары мен берген мүмкіндіктерімен таныстырды.

Қыздар өз жұмыстары туралы, колледжде қалай оқығандары туралы айтып, презентацияда өз жетістіктерін көрнекі түрде көрсетті.

Кездесуге келген колледж түлектеріне оқушылар мен білім алушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.

Кездесу соңында колледж директоры Сманов Ғалым Илесханұлы Алматы Мемлекеттік Бизнес колледжінің түлектеріне алғыс хаттар табыс етті.