Жаңалықтар

Жасөспірімдер арасында суицидтің және наркологиялық тәуелділіктің алдын алу, оларға психологиялық қолдау көрсету және өмірлік қиын жағдайлардан шығу тәсілдері туралы ақпараттандыру мақсатында психолог мамандар «жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу»тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шараға психикалық денсаулық орталығының психолог-суицидологы Қожан Алтынай Мұратқызы және нарколог дәрігер Кеңесбекова Салия Кенезбекқызы шақырылды. Дәріс барысында суицидтің негізгі себептері – құмар ойындар, алкогольді ішімдіктер және нашақорлық, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді.