Спорт- денсаулық кепілі
Мамыр айының 19-25 аралығында колледжде «Дене тәрбиесі және алғашқы әскери және технологиялық дайындық» бірлестігінің «Спорт- денсаулық кепілі» атты апталығы өтті. Мақсаты: салауатты өмір салтына , спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту. Білімді, өнерлі, намысшыл парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.
Апталық бірлестік оқытушылары мен 1-3 курс білім алушыларының қатысуымен өте белсенді және қызықты өтті. Апталық аясында түрлі командалық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Әр жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар марапатталды. Апталып эстафеталық ойындармен өз мәресіне жетті.