Сенің жұлдызды сәтің

15 наурыз күні Алматы қаласы Білім басқармасының ҚБЖТҒӘО жетекшілігімен өткен қалалық «Сенің жұлдызды сәтің» жас педагогтар байқауының екінші кезеңінің нәтижесі бойынша колледжіміздің жас өндірістік оқу шебері Арғынбаева Ақбота жүлделі 3-орынға иемденді. Байқауға Алматы қаласы бойынша мемлекеттік колледждердің 20 оқытушысы мен өндірістік оқу шеберлері қатысты.

Ақбота Ғалымжанқызын жетістігімен құттықтап, ары қарай да биіктерден көріне беруіне тілектеспіз!