Педагог - психолог Кизат Динара Гапаскызы
Алматы Мемлекеттік бизнес-колледжінің психологиялық қызметінің негізгі мақсаты – студенттердің психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психолог, колледж инспекторы және оқу топтарының жетекшілері кіреді.
Психологиялық қолдау үрдісіне кіреді:
– оқытудың бірінші жылында бейімделу диагностикасы;
– диагностика нәтижелері бойынша студенттердің эмоциялық жағдайын түзету;
– топтың ұйымшылдығы бойынша тренингтер жүргізу;
– психологиялық ағарту;
– студенттер мен ата-аналарға жеке кеңестері (сұраныс бойынша);
– тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
– жанжалдарды тиімді шешу дағдыларын дамыту;
– колледж талапкерлерімен кәсіби бағдар беру қызметі.
2017-2018 оқу жылына психологиялық қызметтің есебі