Педагогтің кәсіби шеберлігі – білім алушының жетістігі

2023 жылдың 23 мамырында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесе отырып, ТжКББ ұйымдарындағы кәсіби құзыреттіліктер бойынша оқытушылар арасында «Педагогтің кәсіби шеберлігі – білім алушының жетістігі» атты қалалық байқауы өтті.

Байқау әр түрлі салалар мен қызмет салаларындағы ең дарынды және кәсіби оқытушыларды анықтау, ТжКББ ұйымдарының дарынды шығармашыл оқытушыларын қолдау және олардың кәсіби өсуіне ықпал ету мақсатында өткізілді.

Байқауға 25 колледж (мемлекеттік және жеке меншік нысандары) қатысты.

Бұл байқауда оқытушылар шығармашылық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, өздерінің ұстаздық шеберліктерін және сайыс тапсырмаларын орындау барысында қиындықтарды жеңе білулерін көрсетті.

Байқауға келесі мамандар төрелік етті:

  1. Айтпаева Жанат Жеңісбекқызы-Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары;
  2. Малғаждарова Бибігүл Төлепбергенқызы – Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары;
  3. Қажыкен Ұлан Қозыкөрпешұлы-Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы;
  4. Сатаев Асылбек Әбдісаламұлы – қоғамдық даму басқармасының Алмалы және Жетісу аудандары бойынша аумақтық бөлімінің басшысы
  5. Назарбетов Қожахмет Тайбулатұлы-Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподағының кеңесшісі;
  6. Қайрекенова Гүлнур Сабырханқызы – № 191 мектеп директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;
  7. Халық Үміт Магауияқызы – № 172 мектеп-гимназияның мұғалім-психологы;
  8. «Өрлеу ‘БАҰО АҚФ Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының Әдіснама және педагогикалық инновация кафедрасының аға оқытушысы, Халықаралық деңгейдегі тренер. Магистр Іркітбай Ғалым Бұлұтұлы;
  9. Туриспаев Ержан Молдагалиевич – Директор ТОО «Kausar Business Consulting».

 

Байқау барысында келесі міндеттер шешілді:

        – ТжКББ жүйесінің шығармашыл, талантты педагог қызметкерлерін анықтау, қолдау және озық педагогикалық тәжірибені тарату.

        – кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған ТжКББ саласында инновациялық педагогикалық технологияларды танымал ету.

        – педагогтердің біліктілік деңгейін мақсатты түрде арттыруды, оқытушылардың үздік заманауи және озық технологияларды пайдалану үрдісін қалыптастыру.

        – педагогикалық тәжірибе алмасудың әдістемелік алаңын құруға мүмкіндік беретін типтік ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру.

        – ТжКББ ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық қызметіндегі беделі мен өзектілігін арттыру.

Талқылау барысында сараптау комиссиясы конкурстың қорытындысын шығарды:

ГРАН-ПРИ – Шыңғысбаев Дидар Дүйсенханұлы, Тұран колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

1 орын – Ануарбекова Рузана Қайратқызы, «Азаматтық авиация академиясы» АҚ авиациялық колледжі;

2 орын – Қабжапарова Лазат Тоқтағазиқызы, Халықаралық сервис және менеджмент колледжі;

2 орын – Адамбаева Жанна Серікқызы, Алматы экономикалық колледжі;

3 орын – Пиримжанова Гульнара Келдибаевна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжі;

3 орын – Керимкулова Жанат Сағынтаевна, Алматы мемлекеттік бизнес колледжі;

3 орын – Жаңабекова Жанар Жаңабекқызы, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі;

3 орын – Кабаева Ләйлім Кенжебекқызы, «Әділет» колледжі

ТжКББ білім беру жүйесінде байқау соңында қазылар алқасы бірауыздан байқаудың басшылығына және ұйымдастырушыларына оқу іс-әрекетінде алдағы уақытта табыстар мен жаңа жетістіктерге жетуге, сондай-ақ кәсіптік білім беруге оң әсерін тигізетін педагогикалық идеялар мен озық әдістерді насихаттауға тілектестік білдіріп, алғыстарын айтты.

Байқауға қатысушылар ұйымдастырушыларға байқауды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және конкурстық тапсырмалардың кәсіби бағдары мен мазмұны үшін алғыстарын білдірді.