«Педагогтің кәсібилігі - білім алушының жетістігі»

2024 жылдың 17 мамырында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы кәсіптік құзіреттілік бойынша әртүрлі өндірістер мен қызмет бағыттары бойынша оқытушылардың  арасында «Педагогтің кәсібилігі – білім алушының жетістігі» атты Ⅱ – қалалық байқауы өтті”. Бүгінгі таңда кәсіби байқауларға қатысу бұрынғыдан да өзекті және беделді, олардың дамуына, дағдыларын жетілдіруге және жаңа кәсіби биіктерге жетуге көмектеседі.

Байқаудың негізгі миссиясы кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға және педагогикалық шеберлікті мақсатты түрде арттыруды ынталандыруға бағытталған ТжКБ саласындағы инновациялық педагогикалық технологияларды танымал ету болды.

«Педагогтің кәсібилігі-білім алушының жетістігі» II қалалық байқауының қатысушылары мен қонақтарына сәлемдесу сөздерін Алмалы және Жетісу аудандары бойынша қоғамдық даму басқармасының аумақтық бөлімінің басшысы Сатаев Асылбек Әбдісалпмұлы айтты, сондай-ақ, әділ қазылар алқасының мүшелері Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының өкілдері болды, AlmaU университетінің ғылым жөніндегі проректоры, психолог және басқалар.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абдуллаева Г.А. «Almaty» телеарнасына берген сұхбатында байқауларға қатысатын оқытушылардың ынтасы мен болашағы туралы айтты.

Бұл кәсіби байқаудың маңыздылығы мен өзектілігі, оның беделі және одан әрі дамуы мен ауқымын кеңейту перспективалары туралы Алматы мемлекеттік бизнес колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. С. Кунтубай «Жетісу» телеарнасына берген сұхбатында айтты.