Заманауи этика негіздері

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде “Заманауи этика негіздері” бойынша ашық сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Іс – шараның мақсаты-мәдениетті, білімді адамдар болуға деген ұмтылысты ояту және оларға типтік жағдайларда мінез-құлықтың негізгі ережелерін үйрету.

Білім алушылар “Қазіргі қоғамдағы этика” тақырыбында презентация, баяндама дайындады, “Іскерлік этикет” викторинасы өткізілді.