Есептеу техникасы және ақпараттық желілер

Мамандық: 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)

Біліктілік: 3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы

Оқу мерзімі- негізгі орта білім /9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

Оқыту түрі-күндізгі

Оқыту тілі-қазақ тілі, орыс тілі

Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы-бұл компьютерлік техниканың, жергілікті желінің, бағдарламалық қамтамасыз етудің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін маман. Ол компьютерлерге қызмет көрсетеді және ұйымдағы кеңсе техникасының, компьютерлік бағдарламалар мен ақпараттық желілердің үздіксіз жұмыс істеуін іске асырады.

Компьютерлік аппараттық оператор желілік жабдықты қосады және оның жұмыс істеуін жүргізеді. Ол диагностиканы іске асырады, жергілікті желінің және желілік жабдықтың бір немесе бірнеше элементтерінің жұмысындағы ақаулықты жояды, жергілікті корпоративтік желі бойынша ақпарат алмасуды жүргізеді, профилактикалық жұмыстарды орындайды, Ғаламтор желісінің сегменттерін қамти отырып, компьютерлік желілерді конфигурациялау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді.

Колледжде оқу барысында сіз келесі кәсіби құзыреттіліктерді меңгересіз:

Еңбек заңнамасын және компьютерлік аппараттық қамтамасыз етумен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау;

–  

Электроника және электротехника заңдарын, Микропроцессорлық техника жөніндегі білімді қолдану;

– 

Аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

– 

Web технологияларды қолдана отырып, жоғары деңгейдегі тілдерде бағдарламалау;

Желілік Жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы желілік қауіпсіздікке, компьютерлер мен компьютерлік бағдарламалардың жұмыс қабілеттілігіне жауап береді. Оның міндеттерінің ауқымы өте кең — компьютерлер мен компоненттерді сатып алудан бастап, веб-сайттарды жазуға дейін.