Креативті жастардың болашақ мамандығы

Алматы қаласы Білім басқармасының және «Қазақстан КВН Одағы РЖҚБ Алматы қаласы филиалы» қолдауымен Алматы қаласының 2024-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың жол картасын” іске асыру шеңберінде, қалалық «Креативті жастардың болашақ мамандығы» атты жайдарман ойыны өтті.

Ойынның басты мақсаты: Жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру; Алматы қаласы ТжКББ ұйымдарының жүйесіне қоғамның назарын аудару;

Білім алушылардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалын арттыра отырып, ойын толық жеткізе алуға қабілетін дамыту;

Жайдарманға қатысқан барлық 8 ауданның, білім бөлімдеріне және командаларына алғысымызды білдіреміз.

Жеңімпаздар:
1 орын – Алатау ауданы;
2 орын – Ауезов ауданы;
3 орын – Түркісіб ауданы.
Марапаттарыңыз құтты болсын!