Үздік студенттер

«Enactus Kazakhstan
National Expo 2024″
КӘСІПКЕРЛІК КУБОК
ЧЕМПИОНДАРЫ, «WorldSkills ALMATY 2024», «ZIATKER CUP I» т.б. Бүгін Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде ерекше көңіл-күй. Бұл атмосфера білім алушыларға ерекше шабыт сыйлап, кеуделеріне мақтаныш сезімін ұялатты. 2023-2024 оқу жылдарында керемет нәтиже көрсетіп, білім ордасының намысын қорғаған барлық студенттер директордың алғыс хатымен марапатталды. Ғалым Ілесханұлы әр студентке өз қолымен мадақтаманы тапсырып, сәттілік тіледі. Бұл білім алушылар үшін қуанышқа толы сәт болды. Барша жеңімпаздар мен оларды жеңіске баулыған жетекшілерге алғыс айтамыз! Еңбектеріңіз әркез осылай жемісті, нәтижелі болсын!