Колледж білімалушылары қалалық Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған шеруіне қатысты

Біздің білімалушылар қалалық Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күніне арналған шеруіне қатысты. Оның мақсаты жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және отанды қорғау жөніндегі конституциялық борышын орындауға дайындау болып табылады. Өскелең ұрпақтың жауынгерлік даярлығына белсенді қатысқаны және қол жеткізген жетістіктері үшін Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің белсенділері Алматы қаласы «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы алғыс хатымен марапатталды.