жаңалықтар

31 қазан 2019 жылы колледжде Алматы қ. Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының техникалық кәсіптік білім беру бөлімі және АМБК әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Колледждерде үштілді білім беру контекстінде арнайы пәндерді оқыту ерекшелігі» атты қалалық семинар өтті.

Семинар тақырыбы бүгінгі таңда өте өзекті. Оны өткізудің мақсаты көптілді тұлғаны қалыптастыру және арнайы пәндерді оқытуда үштілді дамыту бойынша тәжірибе алмасу болып табылады.

Семинарға Алматы қ. Мемлекеттік колледждерінің 40 жас арнайы пән оқытушылары қатысты.  Алматы қ. Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығының техникалық кәсіптік білім беру бөлімінің жетекшісі – Г.Ж. Сүлейменова және әдіскер С.А. Кеңесбаева қатысты.

АМБК арнайы пән оқытушысы Төлеу Е.С.  «Көптілді білім беруді дамытудағы АМБК тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.

Төлеу Е.С. – жас маман, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, «Ұйым менеджменті», «Маркетинг негіздері», «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәндерін орыс, қазақ тілдерінде және «Ұйым менеджменті» пәндерін ағылшын тілінде жүргізеді. Өз сабағында ол CLIL және TBLT әдістерін  қолданады.

Өндірістік оқыту шебері О.К. Моисеева және «Айкул» ЖШС әлеуметтік серіктес – А.С. Самет технологиялық бөлімнің 2-4 курс білім алушыларымен мастер-класс өткізді.

Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушылары Д.С. Дайырманова мен Н.М. Тергеусизова «Арнайы пәндерді оқытуда CLIL технологиясын қолданудың ерекшеліктері» тақырыбында практикум өткізді.

Семинарға қатысқан барлық қатысушыларға алғысымызды  білдіреміз!