«Жұлдызды сәт»

13.04.2023 жылы колледжімізде «Жаратылыстану- математика және ЕТжАЖ» циклінің апталығының ашылуы «Жұлдызды сәт» викториналық ойынымен басталды.
Викториналық сұрақтар экранда көрсетілген барабанды айналдырып, сол жердегі түскен пән бойынша сұрақтарды қораптан алып, сол сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы білім алушылар белсенді атсалысып, білімді жастар екендігін көрсетті, сонымен қатар дұрыс жауап беру арқылы циклдің ұйымдастырған тәтті сыйлықтарына ие болды!
Бұл апталықтың негізгі мақсаты — білім алушылар информатика, физика, химия, биология, география мен математиканы тек сабақта ғана пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар өмірмен де байланысты екенін түсіндіру.