2020-2021 оқу жылының 4 қарашасында колледж директоры мен 1, 2, 3, 4 курс студенттерінің ата-аналарымен ата-аналар жиналысы өткізілді.

Ата-аналар келесі сұрақтарды қойды:

Қаржы-экономикалық бөлімінен 1 курс бойынша

Қатысушылар саны – 72 ата-ана

1

 Балаларға көп тапсырмалар  беріледі,үлкен  ауыртпалық туғызуда.

Қашықтықтан оқыту оқу материалын өз бетінше игерудің 70% құрайды. Әр мұғалім оқу материалдары мен тапсырмаларды оқу бағдарламасына сәйкес беріп отырады.

«Кәсіпкерлік» кафедрасы 1 курс бойынша

Қатысушылар саны – 81 ата-ана

2

 Оқуға түскен кезде біз жатақхананың қажет еместігін айтқан едік, қазіргі таңда  жатақхана қажеттілік тудырып отыр.

Карантиндік шараларды жеңілдете отырып, келесі жыл басына қарай, сіз жатақханаға кіруге өтініш бере аласыз. Сіздің балаңызға барлық жағдайлары бар, жайлы  бөлме берілетін болады.

3

Біз ақылы бөлімде оқимыз, грантқа ауысуға мүмкіндік бар ма?

 Бюджеттік топтарда бос орындар болған жағдайда комиссия шешімі бойынша грантқа ауыса алады. Грантқа ауысу үшін  оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы өте жақсы болуы шарт,  студенттің әлеуметтік жағдайы да ескерілетін болады.

4

Портал үнемі қалыпты жағдайда жұмыс істей бермейді, тапсырмалар жүктелмей жатады, тапсырманы өткізу уақыты шектеулі ме?

Қазіргі уақытта portal.ambk.edu.kz порталының жадысын максималды деңгейге көтердік. Порталда  Discord бағдарламасы арнайы студенттердің үй жұмысын бекітуге арналған жоба іске қосылды. Оқушылардың тапсырмаларын жүктеу уақытын шектей отырып, оқытушы өзі жүктеу мерзімін portal.ambk.edu.kz ережесіне сәйкес белгілейді.

5

Менің қызым колледжге 11 сыныптан кейін түсті. Стипендия төленбейді ме?

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша біздің колледжге негізгі орта білім негізінде оқуға гранттар тағайындалады (9 сыныптар).

Технологиялық бөлім »1 курс

Қатысушылар саны – 91 ата-ана

6

Қазір балалар жалпы білім беретін пәндерді оқып жатыр ма?

1 курс студенттері жалпы білім беретін пәндерді техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен типтік оқу жоспарларына сәйкес оқытылып жатыр.

II, III, IV курс студенттері үшін

Қатысушылар саны – 98  ата-ана

7

Емтихандарды қалай өтеді?

Студенттердің аралық және қорытынды аттестациясы оқу процесінің кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Оқу процесінің кестесі колледждің ambk.edu.kz ресми сайтынан табасыздар.

8

Колледжде сабақ қашан басталады?

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты, Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің рұқсатымен басталады.

9

Біз Алматы облысындағы ауылда тұрамыз, интернет дұрыс жұмыс істемейді. Сондықтан, курстық жұмыстар мен емтихандарды тапсыру кезінде осы жағын ескеруіңізді сұраймын.

Тапсырмаларды, курстық және дипломдық жұмыстарды оқытушының электронды поштасына немесе Қазпошта арқылы колледж мекен-жайына жіберуге болады. Сіздің балаңыз топ жетекшісіне және осы пән оқытушысына алдын-ала хабарлауы керек.

10

Практика қаңтар айына дейін бола ма?

Теориялық және практикалық сабақтар оқу процесінің кестесіне сәйкес өткізіледі. Оқу процесінің кестесі колледждің ambk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыздар

11

Практикадағы студенттер емтиханды қалай тапсырады?

Оқу процесінің күнтізбелік жоспарына сәйкес теориялық сабақтар мен практика ауысып отырады. Электрондық тестілеу форматындағы емтихандар белгілі бір мерзім ішінде пән бойынша өткізіледі.

12

Мұғалімдер студенттердің сабаққа қатысуын тексере ме?

Оқу жылының басында колледж директоры бөлім мен топ бойынша жетекші әкімшілер тізімін бекітті. Қазіргі  таңда порталда сабақ өткізудің күнделікті мониторингін колледж әкімшілігі жүзеге асырып отыр.

Порталдағы сабақтарға Білім бөлімінің өкілдері және атқарушы органдар қатысып отырады.