«ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ

ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАСТАР ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНДА ЖАРИЯЛАНҒАН «ЖАС МАМАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ ЕСЕЛЕНІП, КОЛЛЕДЖ БАЗАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА СӘЙКЕС ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛМАҚ. 

 

Осы орайда Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі 2018-2019 оқу жылының соңында «Жас маман» жобасына 7512 «Наубайшылар мен кондитерлер»; 1219000 «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі»; 1219142 «Наубайшы» біліктіліктері бойынша қатысуға өтінім беріп, 2021 оқу жылында 180 колледж «Жас маман» жобасына іріктеліп өткенін тілге тиек етті. Атап айтқанда, бизнес колледж аталмыш жоба аясында 1219000 «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» мамандығы, 1219142 «Наубайшы» біліктілігі бойынша жеңімпаз атанды.

Зертханалық құрылғылардың тізімі жасалынып, қазіргі танда Алматы қаласының «Мемлекеттік сатып алу басқармасымен» ашық конкурс тәсілі арқылы жарияланып, жабдықтарды сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта алынатын, зертханалық құрылғылар World Skills стандарттарына сәйкес, заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар болады деп жоспарланып отыр. Халықаралық стандарттарға сәйкес сатып алынатын жабдықтар «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» мамандығы бойынша құзіреттілік орталық болуға мүмкіндік береді»

«Жас маман» жобасының негізгі мақсаты — сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік 100 мамандықтар саласы бойынша мамандықтарды жаңғырту және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу.

Жобаны нәтижесінде, салалық халықаралық стандарттардың енгізілуіне байланысты кәсіпорындардың жұмыс істеп тұрған қызметкерлерін олардың талаптарына сәйкес оқыту және қайта даярлау бөлігінде кәсіпорындармен өзара тиімді ынтымақтастық орнатылады. Бұл колледжге компанияның оқу/тренинг орталығы ретінде қызмет етуге мүмкіндік береді, осылайша колледждің одан әрі дамуына қосымша бюджеттен тыс кірісті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ құзыреттілік орталықтарының базасында жастарды инновациялық және стартап-жобаларға тарту үшін бизнес-инкубаторлар/технопарктердің жұмысы ұйымдастырылады, онда тартымды жобаларды қаржыландыру үшін бизнес орталарды шоғырландыру күтілуде.

Осындай жаңа заманауи құрылғылармен толықтырылған Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің құзыреттілік орталығы өз өңірі үшін Нан пісіру және кондитер өндірісі саласы бойынша бәсекеге қабілетті мамандарды дайындай алатыны сөзсіз.