Жас маман
Жас мамандар мектебі
6 желтоқсанда колледжде «Жас мамандар мектебі» тыңдаушылары мен тәлімгерлерінің қатысуымен әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты: тәжірибие алмасу, әдістемелік көмек көрсету.
Семинарда «Арнайы пәндерді оқытуда SMART технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру» және «Дене тәрбиесі сабағын оқытуда қолданылатын жаңа әдістер мен оқыту құралдары» тақырыптары бойынша шеберлік кластары мен тренинг өткізілді.
Семинар спикерлері: арнайы пән оқытушысы К. Шокенова, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы М. Батырбаев.