Жасөспірімдерге темекі шегудің зияны қандай?

Колледж базасында психиатр – нарколог С.К. Кенесбековамен «Электрондық темекінің зияны» тақырыбында кезекті кездесу өтті. Кездесу презентация мен бейнеролик көрсетілімімен өтті. «Жасөспірімдерге темекі шегудің зияны қандай?», «Қоспаның темекі шегу құрамы», «Вейптардың ми мен психикаға, ауыз қуысының денсаулығына әсері» секілді сұрақтар қозғалды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық ақпарат пен жауаптар алды.