Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында Қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жүргізілді. Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің де белсенді қызметкерлері мен білімалушылары іс-шараға белсенді қатысты. Іс-шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.