Жәрмеңке

19 қазанда Панфилов көшесіндегі саябақта жалпы қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 160- тан астам жұмыс беруші қатысып, 3500- тен астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Колледж түлектері болашақ жұмыс орындарын қарау мақсатында жәрмеңкеге барып, Air Astana, Coco-Cola, Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті , Kaspi.kz, Forte Bank, Home Credit Bank сияқты ірі кәсіпорындармен танысты.