Бүгін, 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні.

 

Тіл-тірегім, соғып тұрған жүрегім!
Тіл – ұлттың жаны, рухы, оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ғұлама ғалым А.Байтұрсынұлы: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»,– деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған..
Сіздерді Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің күні мерекесімен құттықтай отырып АМБК 1 курс білім алушылар арасында «Тіл – тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты конкурсты ашық деп жариялаймыз. Конкурстың мақсаты:
балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу.Конкурстың жоспары:
1-бөлім:Мәнерлеп оқу сайысы
2-бөлім:«Мемлекеттік тіл-менің тілім »
Ұйымдастырушылар Тәрбие бөлімі және қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушылары: Ахметжанова А.А., Керімқұлова Ж.С.