WORLD SKILLS 2024

2024 жылғы 30 мамырда Алматы политехникалық колледжінің базасында IT саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында қалалық кәсіптік шеберлік конкурсы өтті. Конкурстың мақсаты: IT саласы бойынша педагогтарды анықтау, ТжКББ ұйымдарының дарынды, шығармашылық педагогтарын қолдау болып табылды.

Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің педагогы Бақытов Абылай Бақытұлы “Желілік және жүйелік әкімшілендіру” құзіреттілігі бойынша қатысып I орынды иеленді. 

Жеңіске жеткен әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!