2021 жылдың 23 қыркүйегіндеАлматы мемлекеттік бизнес колледжінде студенттерінің оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін қолдану бойынша семинар өтті.
Мақсаты: білім алушылардың барлық оқу тапсырмаларына қатысты оқу жетістіктерін балдық-рейтингтік жүйеде бағалау.
Балдық-рейтингтік әріптік жүйесі:
– оқытушыға оқу жетістіктерінің әр деңгейіндегі білім алушылар санатын объективті бағалауға және сенімді түрде саралауға мүмкіндік береді;
–жаңа шешімдер іздеуге және ғылыми-шығармашылық белсенділікті (креативті құзыреттілікті) дамыта отырып, оқу және оқудан тыс уақытта білім алушылардың жүйелі түрде өзіндік белсенді қажеттілігін ынталандырады;–оқу мен жеке жетістіктерін өзіндік бағалау рефлексияға әсер етеді.