2019 жылдың 21-24 қазан аралығында Тіл пәндері циклы «Тілдердің үштұғырлығы табысқа жетудің кілті» тақырыбында апталық өткізді. Апталық ұйымдастырудың негізгі мақсаты – Үштұғырлы тіл саясатына сүйене отырып, тіл пәндерінің білім беру сапасын көтеру, бәсекеге қабілетті жан-жақты сауатты маман дайындау. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.