АМБК-ға оқуға түсу үшін өтініштерді қабылдау іске асырылады

  1. Мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу бөліміне білікті жұмысшы кадрларын дайындауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша – негізгі орта білім базасында (9кл) ағымды жылдың 25 маусымынан 25 тамыз аралығында;
  2. Мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу бөліміне орта буын мамандарын дайындауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша – негізгі орта білім базасында (9кл) ағымды жылдың 25 маусымынан 18 тамыз аралығында;
  3. Ақылы негізде білікті жұмысшы кадрлары мен орта буын мамандарын дайындауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша – негізгі орта білім және жалпы орта білім базасында (9 кл) – ағымды жылдың 25 маусымынан 25 тамыз аралығында;