«Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің тұғыры!»

21желтоқсан күні Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты «Әлеуметтік пәндер» циклының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры!»  тақырыбында студенттер арасында конференция болып өтті. 

Конференцияның мақсаты:

        Студенттерге еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отан сүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу.

Конференцияның міндеті:

  • Студенттерге еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру. Тәуелсіздік, мәңгілік ел туралы түсінік беру.
  • Студенттерді Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. 
  • Студенттердің ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.

          Конференция барысында 1 Мен А тобының студенттері Ахметжан Дина «Желтоқсан алаңындағы жыр» және Мырзабай Арай «Желтоқсан желі ызғарсыз» атты өлең жолдарын оқыды. 3 курс студенті Оразбек Ақмаржан презентация арқылы  «Тәуелсіздік жылдарындағы өзгерістер»  тақырыбында баяндама оқыды. 1 Мен А тобының студенттері Сламжан Айым өзінің жеке шығармашылығын «Тәуелсіздікке 30 жыл» және  Нұрлан Ерке «Келді міне 30 жыл, тойла қазақ» атты өлең жодарын оқыды. 3 Есеп А тобының студенті Биғали Камила «Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы» тақырыбында баяндамасын презентация арқылы қорғады. Конференцияның соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жеткен 30 жетістіктері туралы презентация арқылы мәліметтер көрсетілді.