жаңалықтар

2021 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде 2021-2022 оқу жылындағы «Жас маман мектебі»  тыңдаушыларына арналған «Жас педагогтардың жаңа жағдайларға бейімделуі» атты семинар өтті.

Мақсаты: жас оқытушылардың негізгі қиындықтарының себептерін, кәсіптік-педагогикалық даярлау, көмек көрсету, сондай-ақ кәсіптік білім беруді кеңейту жолымен біліктілікті арттыру, педагогикалық құралдардың мазмұнын, білім берудегі қажетті әлеуметтік-психологиялық және кәсіптік қабілеттерді игеру проблемаларын анықтау.

Жас педагогтардың бейімделу процесі, олардың жұмысының алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелерін шешу психологтардың, педагог-зерттеушілердің зерттеу тобының пәні болып табылады. Жас педагогтар өздерінің практикалық қызметінде ұжымда бейімделу, кәсіби мотивацияның болмауы, әріптестер тарапынан көмек көрсету, сондай-ақ олардың шығармашылық өсуі үшін жағдай жасау проблемасымен жиі кездеседі. Бұл мәселенің әлеуметтік маңыздылығы мен өзектілігі осыған байланысты.

Семинарды колледждің озық тәжірибелі, біліктілігі Жоғары санатты оқытушысы Чайжунусова Г.Ж. өткізді