Бауырсақ Fest -2022
Республика күні қарсаңында және Халықаралық аспаздар күніне орай Әуезов ауданында «Бауырсақ Fest -2022» байқауы өтті. Фестивальдің мақсаты- аспазшы мамандығының қоғам үшін маңыздылығын көрсету, осы мамандықтың беделін арттыру,сондай – ақ болашақ мамандарды қолдау.
Іс – шара Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде ұйымдастырылып, оған аудан колледждерінің оқу өндіріс шеберлері қатысты.
Шарада 5 номинация бойынша өнер көрсетілді: Аrt стол, дәстүрлі бауырсақ, ши бауырсақ және авторлық бауырсақ.
Жиын барысында байқау қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татып, олардың дайындығымен танысты.
“Бауырсақ fest” фестивалінде 5 колледждер арасында Алматы мемлекеттік бизнес колледждің оқу өндірістік шеберлері осындай жүлделі орындарға ие болды және колледж тарапына алғыс хат.
- Бас жүлде “Авторлық бауырсақтан” Диханова Айгерім Нарикқызы
- 1 орын “Ши бауырсақ” Нусипова Айгерим Болатқызы
- 3 орын “Дәстүрлі бауырсақ” Арғынбаева Ақбота Ғалымжанқызы
- 3 орын “Art үстел” Оспан Ақмаржан, Абилова Руфина, Шыңғожанов Алишер