Білім алушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету

Колледжде білім алушылардың әлеуметтік жағдайын қолдау, денсаулығын сақтау және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында ыстық тамақпен қамту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес 2025–2026 оқу жылында жұмысшы біліктілігі бойынша білім алушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.

Ыстық тамақ күндізгі бөлімде білім алатын келесі жұмысшы мамандықтар мен біліктіліктер бойынша студенттерге беріледі:

  • 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру» – 3W10130302 «Аспазшы»;
  • 07210300 «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» – 3W07210303 «Наубайшы»;
  • 04140100 «Маркетинг» – 3W04140102 «Мерчендайзер»;
  • 04110100 «Есеп және аудит» – 3W04110101 «Бухгалтер-кассир»;
  • 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету» – 3W06130102 «Web-дизайнер».

2025–2026 оқу жылында ыстық тамақпен қамтылған білім алушылардың жалпы саны 317 студентті құрайды.