ЖАС МАМАН ЖОБАСЫ
«Жас маман» жобасы
Алматы мемлекеттік бизнес колледжі «Жас маман» жобасы аясында заманауи оқу зертханаларымен жабдықталған. Жобаның негізгі мақсаты — еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерді жаңғырту, халықаралық тәжірибені енгізу және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау сапасын арттыру.
Жоба аясында колледж 07210300 «Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісі» мамандығы бойынша конкурстық іріктеуден өтіп, жеңімпаз атанды. Аталған мамандық бойынша 3W07210303 — Наубайшы, 3W07210302 — Кондитер, 4S07210305 — Техник-технолог біліктіліктері бойынша мамандар даярланады.
«Жас маман» жобасы бойынша колледжде заманауи дизайнмен жасақталған 6 оқу зертханасы ашылып, халықаралық стандарттарға сай келетін жоғары сапалы итальяндық жабдықтармен жабдықталған. Кейбір жабдық түрлері бірқатар өндірістік кәсіпорындарда да кездесе бермейді. Бұл студенттерге заманауи технологияларды меңгеріп, нақты өндірістік ортаға жақын жағдайда тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
Жаңа зертханаларда студенттер нан-тоқаш, макарон және кондитер өнімдерін өндіру технологияларын меңгереді, кәсіби жабдықтармен жұмыс істеуді үйренеді және практикалық дағдыларын дамытады.
Осы зертханалардың базасында колледжде «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша Құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Орталық білікті мамандар даярлауға, инновациялық технологияларды енгізуге, студенттердің кәсіби шеберлігін арттыруға және WorldSkills чемпионаттарына қатысушыларды дайындауға бағытталған.
Колледжде «Alma-Nest» студенттік бизнес-инкубаторы жұмыс істейді. Мұнда «Nan & Sarqyt», «Slice me», «Жеуге жарамды ыдыс», Enactus және басқа да жобалар жүзеге асырылуда. «Nan & Sarqyt» жобасы ашытпалы нан технологиясын дамытуға бағытталған және қалалық ғылыми конкурстарда жүлделі орындарға ие болған.
Жыл сайын Дүниежүзілік нан күніне орай WorldSkills стандарттары бойынша «Nan-Fest» қалалық конкурсы өткізіледі. Сонымен қатар Центр базасында MasterSkills, JasSkills жобалары мен кәсіби бағдар беру жұмыстары жүзеге асырылады.
Центр жұмысының нәтижесінде студенттер түрлі деңгейдегі конкурстарда жоғары жетістіктерге жетіп келеді. Атап айтқанда, Марат Айша инновациялық идеялар конкурсында жеңіске жетті, Лаубер Кристина «Top-100 студент» конкурсында жүлделі орын иеленіп, WorldSkills Kazakhstan-2025 чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтихан форматында өткізіліп, нәтижесінде түлектерге практикалық дағдыларын растайтын Skills Passport беріледі.
«Жас маман» жобасы колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартып, білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді. Бүгінде Алматы мемлекеттік бизнес колледжі заманауи өндіріс талаптарына сай білім беріп, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға зор үлес қосып келеді.