Оқытушыларға арналған халықаралық тағылымдама

Германиядағы халықаралық тағылымдама

2023 жылдың қазан-қараша айларында AMBK бағдарламасының «Қонақ үй бизнесі, мейрамханалар және тамақтандыру» мамандығы бойынша нұсқаушылары мен жетекшілері білім беру процестеріне заманауи өндірістік технологиялар мен WS стандарттарын енгізуге бағытталған халықаралық тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама Германияның Дрезден қаласындағы Bildungswerk der Sächsischen Wirtschaft gGmbH (BSW) оқу орталығында және Швейцарияның Сьон қаласындағы экономика және менеджмент қолданбалы ғылымдар мектебінде өтті. Тағылымдама барысында AMBK мен экономика және менеджмент қолданбалы ғылымдар мектебі арасында өзара серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Германия, Швейцария мен Франциядағы халықаралық тағылымдама

«Азық-түлік технологиясы, маркетинг және менеджмент» біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында AMBK оқытушылары мен кәсіптік оқыту жетекшілері 2024 жылдың қыркүйек-қазан айларында халықаралық тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама Германияның Дрезден қаласындағы Bildungswerk der Sächsischen Wirtschaft gGmbH (bsw) оқу орталығында өтті.
Халықаралық бағдарлама аясында 2024 жылдың 14 қыркүйегінде тағылымдамаға қатысушылар Францияның Лион қаласында өткен 47-ші Халықаралық жас мамандар байқауына, WorldSkills 2024, көрермен ретінде қатысты.
Тағылымдама барысында AMBK мен Bildungswerk der Sächsischen Wirtschaft gGmbH (bsw) оқу орталығы арасында өзара серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

АҚШ-тағы халықаралық тағылымдама

«Кәсіптік білім беру (КББ) мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және шетелдік озық тәжірибені зерттеу бағдарламасы» біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша АМБК директорының оқу әдістемелік бірлестігі бойынша орынбасары. Нуркасова Ж. 2025 жылы Гарвард университеттерінде, Массачусетс технологиялық институтында және Иллинойс университетінде (АҚШ) халықаралық тағылымдамадан өтті.

Қытайдағы халықаралық тағылымдама

2025–2026 оқу жылында AMBK Цзянсу қаржы-экономикалық кәсіптік-техникалық білім беру колледжімен (Қытай) бірлесіп «Болашаққа бірге» халықаралық бағдарламасын іске қосты.

Екі білім беру мекемесі арасында халықаралық меморандумға қол қойылды.
Бағдарлама Президент белгілеген басымдықтарға толық сәйкес келеді: білім экономикасын дамыту, цифрлық трансформация және жаңа технологиялық парадигма.
AMBK студенттері мен оқытушылары келесі салалар бойынша кәсіби дайындықтан өтті:
Жасанды интеллект, бухгалтерлік есеп және қаржылық басқару.
AMBK-да ынтымақтастықты еске алу үшін ескерткіш тақта ашылды.

Сингапур мен Малайзиядағы халықаралық тағылымдама

Колледждің тоғыз оқытушысы білім беру процесін цифрландыру, заманауи педагогикалық технологияларды енгізу, жасанды интеллект құралдарын қолдану саласындағы кәсіби құзыреттілікті арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру (TVET) жүйесінің халықаралық тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ сапа менеджменті жүйесі мен сервистік стандарттарды жетілдіру мақсатында Сингапур Республикасы мен Малайзия елдерінде халықаралық тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама тақырыбы: «Сингапур және Малайзияның заманауи педагогикалық тәсілдерін, цифрлық технологияларын және AI-құралдарын білім беру процесіне интеграциялау, сервистік стандарттар мен сапа модельдерін енгізу»