Халықаралық студенттік тағылымдама

Түркиядағы студенттердің тағылымдамадан өту бағдарламасы

2021 жылы колледж «Caspian Center (Каспийский Центр)» ЖШС-мен «Түркия Республикасындағы бес жұлдызды қонақүйлер базасында ақылы өндірістік тәжірибе» жобасы бойынша Меморандумға қол қойды.

Аталған Меморандум аясында студенттеріміз кәсіби даму мен тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндіктеріне ие болуда.

Соңғы төрт жыл ішінде 65 студент Түркияның жетекші қонақүйлері мен мейрамханаларында тәжірибеден өтті. Олар тәжірибелі мамандардан үйреніп, халықаралық стандарттарға сай аспаздық өнерді, сервис қызметін және тағам дайындау ісін меңгерді.

Бұл жай ғана тәжірибе емес — мамандыққа терең бойлау, халықаралық деңгейде кәсіби дағдыларды дамыту және болашақтағы халықаралық мансапқа жол ашатын ерекше мүмкіндік.

Алматы мемлекеттік бизнес колледж кітапханасы: жалпы алаңы 81.2ш.м. құрайды. Оқу залында жалпы 24 орын саны және пайдаланушыларға компьютерлендірілген, интернетке шығу мүмкіндігімен 8 орын бар. Студенттерге жұмыс істеуіне 10 компьютер қарастырылған.
Жалпы кітап қоры 14226 дана. Соның ішінде қазақ тілінде 2223 дана, орыс тілінде 11953 дана.
Кітапхана қоры ББК бойынша орналастырылған.

АМБК студенттері Анталия жағалауындағы 11 қонақүйде өндірістік тәжірибеден сәтті өтуде.