JAS SKILLS ALMATY
JasSkills Kazakhstan – 2025 республикалық байқауы
Алматы қаласында Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің базасында 9–10 сынып оқушылары арасында «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша алғашқы республикалық JasSkills Kazakhstan – 2025 байқауы өтті.
Байқауға Алматы және Астана қалаларынан, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Абай және Ақтөбе облыстарынан келген жас қатысушылар қатысты. Іс-шара оқушылардың кәсіби қабілеттерін дамытуға, наубайшы мамандығының ерекшеліктерімен танысуға және болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуына мүмкіндік берді.
Байқау барысында қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын сынады. Жас таланттар тапсырмаларды орындау арқылы кәсіби ортаға бейімделіп, жаңа тәжірибе жинақтады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
🥇 І орын – Болатова Айзере Мақсатқызы, Абай облысы
🥈 ІІ орын – Досымов Батырхан Сейткалиевич, Алматы қаласы
🥉 ІІІ орын – Болат Альбина, Жамбыл облысы
🏅 Медальон – Жарылғасын Айым Мұқанқызы, Ақтөбе облысы
🏅 Медальон – Бақытжан Кәусар, Қызылорда облысы
І орын иегері Болатова Айзере Мақсатқызы аталған мамандық бойынша грант иегері атанды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталды.
Алматы мемлекеттік бизнес колледжі байқауға қатысқан барлық оқушыларды, олардың жетекшілерін және жеңімпаздарды құттықтайды. JasSkills Kazakhstan – 2025 байқауы жас өрендердің әлеуетін ашуға, кәсіби бағдарын айқындауға және еңбек нарығына қажетті мамандықтарға қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
«JasSkills Almaty-2026» байқауы
Атакент алаңында Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесіп, Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің ұйымдастыруымен «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілігі бойынша JasSkills Almaty-2026 байқауы өткізілді.
Байқауға Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысып, наубайшы мамандығына қатысты тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, кәсіби дағдыларын шыңдады және болашақ мамандық таңдауда құнды тәжірибе жинақтады.
Іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, наубайшы мамандығына деген қызығушылығын арттыруға және еңбекке баулу бағытындағы тәжірибелік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік берді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
🥇 І орын – Филиппов Михаил Ильич, №96 жалпы білім беретін мектеп
Жетекшісі: Акжанов Ерлан Қуандықұлы
🥈 ІІ орын – Көмекбаев Ердос, №169 мектеп-лицей
Жетекшісі: Қлышбек Қымбат Жадрасынқызы
🥉 ІІІ орын – Марат Бекасыл Қуанышұлы, №169 мектеп-лицей
Жетекшісі: Қлышбек Қымбат Жадрасынқызы
Алматы мемлекеттік бизнес колледжі байқауға қатысқан барлық оқушыларды, олардың жетекшілерін және жүлдегерлерді құттықтады. JasSkills Almaty-2026 байқауы жас өрендердің кәсіби әлеуетін ашып, таңдаған бағыттары бойынша алғашқы тәжірибе жинауына ықпал етті.